Қанат Ислам рингке қашан оралмақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаттығуда сіңірі үзіліп, ұзақ уақыт рингпен қоштасуға мәжбүр болған Қанат Исламның, биылға жоспары көп. Жарты жыл бұрын ота жасатқан боксшы, әлі қалпына келу үстінде. Ол өзіне күмән білдіргендерге сәлемін жолдап, қашан жекпе-жекке шығатынын айтты. Серік Ноянбайұлы толықтырады.

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы мансабы жаңа биікке көтерілген сәтте,

мұндай қиындыққа ұшыраймын деп еш ойламаған. Спарринг барысында алған жарақаты, боксшыны ұзақ уақытқа спортан шеттетті.

Қанат Ислам, WBA, WBO Inter-Continental чемпионы:

– Мен отаны Америкада жасаттым. Ол кісілер менің желтоқсан айына дейін көп нәрсемен айналыспауымды сұрады. Сонда да мен шыдамай, үш ай киетін гипсті, бір айда шешіп тастап, дәрігерлермен жұмыс істедім.

Қанат қазір Алматыдағы физикалық оңалту және қалпына келтіру орталықтарының бірінде ем алып, тиісті жаттығуларын жасап жүр.

Дәулет Әбілдинов, спорттық медицина докторы:

– Қанат Ислам біздің орталықта үшінші апта ем қабылдауда. Сол аяғының бұлшық еті, екі есеге кішірейіп кеткен. Жарты жыл бұрын ота жасатса да, қалпына әлі келмеген. Ол алдағы 2-3 айда толыққанды жаттығуына орала алады.

Бұрынғы промоутері Нельсон Лопеспен келісімшарты аяқталып, Қанат өз ісін жүргізуді бүгінде әйгілі Эгис Климасқа сеніп тапсырған. 2017 жылдың 9-қыркүйегінде Астанада Брэндон Кукты нокаутпен ұтқан соң , қандасымыз жекпе-жекке шыққан емес. Енді рингке тезірек оралуға құлшынысы зор.

Қанат Ислам, WBA, WBO Inter-Continental чемпионы:

– Желтоқсан айында жекпе-жектер болды маған, дайын болсам осы айдың өзінде жекпе-жектерге шығуыма мүмкіндіктер болды маған. Дәрігерлер сәл қорқытып айтады ғой, адам өзінің жүрегіңді тыңдайсың, сезесің ой, жақсы болып жатсам, май айында шығып кетуге тырысамын.

Жарақаттан соң, кезінде WBA-дің көшін бастап, WBO, WBC тұжырымында үздік үштікті түйіндеген қазақ боксшының келешегіне күмәнмен қараушылар көбейгендей. Қанаттың оларға берер жауабы мынадай.

Қанат Ислам, WBA, WBO Inter-Continental чемпионы:

- Маған келіп біреу баға берсе, Пакьяо келіп «Қанат, қайтесің боксты, болмайды тастап кет» - десе, мен ойлансам болады да. Өзі кәсіпқой бокстың не екенін білмейді, рингке шықпаған, мұрны қанамаған біреулер саған баға берсе, «Е кетші ары, наныңды жеші» - дейсің, ғой...

Биыл 35-ке келетін Қанат Ислам, кәсіпқой бокста қырық жасына дейін жүруге даяр. Себебі, басына түскен қиындықтарға қарамастан, жеңіліп көрмеген спортшымыздың чемпион атанамын деген ұлы мақсаты өлмеген.

Қанат Ислам, WBA, WBO Inter-Continental чемпионы:

– Осы 7-8 ай маған үлкен қиындықтар болды деп айтамын, осы спортта, жігіт блсаң бәріне шыдау керексің. Біздің артымыздан еріп жатқан інілерімізге, тура осы қиындықтардан өту арқылы, үлгі бола алатын шығармыз деп ойлаймын.