Гауһар Әлімбекова бостандықта!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы күндері қызу талқыға түскен «ГауҺар Әлімбекова дауы» төңірегіндегі талас әлі де толастар емес. Жұлдыздар қауымы істі болған әріптесін қаржылай қолдауға дайын екенін жеткізген еді. Алайда, санаулы күн ішінде қандай іс тындырылды? Танымалдардың ендігі жоспары қандай? Жауабын тілшіміз біліп көрген еді.

Елді дүрліктірген хабардан кейін, қазақ эстрадасының өкілдері Гауһар Әлімбекова оқиғасына қатысты желіде жарыса жазба қалдырды. Жұлдыздардың бірі бұл істе шикілік барын айтса, қалғандары әншінің ақталып шығатынына үміт білдірген-ді.

Бүгінде танымалдар істі болған әріптесін қолдау мақсатында қажетті сомманы жинап беруге ниетті екенін білдірген еді. Тың бастама көтерген өнер иелері бар қаражатты әнші Ақбота Керімбекованың банк шотына аударуда.

Қарагөз Сүлейменова, ҚР өнер қайраткері, тележүргізуші:

-Көпшіліктің қабырғасы қайысып, Гауhардың басынан өткен жайтқа алаңдаулымыз. Өнер адамдары бірігіп чат ашылды. Сол жақта, Гауhарға қолдау ретінде ақша жиналып жатыр. Бұл бастама күллі xалықтың арасында да жүріп жатқанын желіден көріп отырсыздар.

Ләйлә Сұлтанқызы да Гауһарға қол ұшын созғысы келгендер қатарында. Танымал тележүргізуші оқиғадан кейін бірден Әлімбекованың ағасына хабарласып, жазасын жеңілдету үшін бірқатар істерді жоспарлағанын жасырмайды.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Дәл осы іске байланысты, менің ойымша, дұрысы адвокаттардың шешімі. Дәл қазір ол кісілер іспен танысуда. Танысып болғаннан кейін, алдағы уақытқа болжам жасай алады, қандай жоспар құра алатынын олар өздері айту керек қой деп есептеймін. Және де нақты кез-келген мәліметті тек қана туған-туысқандарынан естігеніміз жөн шығар. Иә, мен өз басым адвокат жағынан көмектесудемін.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл.» Жұлдыздар ақыры Әлімбекованың бостандыққа шығуына септік бола білген сыңайлы. Жағымды жаңалықты алғаш болып сүйіншілеген – Ақбота Керімбекова.