«Грэмми» марапатында дау туды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өкінішке қарай, әншілер үшін «Оскармен» пара-пар «Грэмми» маратапынан да шикіліктің шеті шықты! Әйгілі сайыстың сайтында, әлі өтпеген салтанаттың жеңімпаздарының есімдері жарияланған!

Алпыс жылдан астам тарихы бар «Грэммиге» биыл лайықтылар тек марапаттау рәсімінде, яғни 10-шы ақпан күні белгілі болуы тиіс еді. Алайда, әйгілі сайыстың сайты – жеңімпаздар тізімін алдын-ала жариялап, айды аспанға бірақ шығарды. Ондағы мәліметтер бойынша, Тейлор Свифт - «үздік поп альбом», Карди Би, Bad Bunny мен Джей Бальвин - «үздік жазба», Kendrick Lamar мен SZA - «үздік рэп перфоманс» иеленуі тиіс екен.

Жүлде бұйырған жұлдыздардың есімін естіген жұрт, бірден «Грэммиді» сөге жөнелді. Себебі, қалың көпшілік бұл оқиғадан соң, музыка мықтылары күні бұрын анықталып қояды деп болжам жасады. Алайда, санаулы сағат өтпестен Америкалық дыбыс жазу академиясы болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ұйымдастырушылар сөзінше, марапаттың ғаламтордағы сайтын хакерлер бұзып алған. Дегенмен, ондағы лауреаттар есімі шындыққа жанаспайды, әрі жеңімпаздар есімі Академия қызметкерлеріне тек салтанатты шара күні ғана табысталады екен. Енді, көңіліне күмән ұялаған тыңдарман «Грэмми» бәйгесінің адалдығына тек кеш барысында көз жеткізбек.