Жар таңдауда ата-ананың ойы маңызды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мейіржан Төребаев, жар таңдауда жақындарының жәрдеміне жүгінетін жігіттерді түсіне алмай әлек. Өзбекстанда туып-өскен актер, өмірде өз сүйгеніне қосылғанымен, кезінде ата-анасы қазақ қызына үйленуге тыйым салған екен. Дегенінен қайтпаған сері, үй-ішінің көңілін қалай тапты?

Мейіржан мен Дана студенттік жылдары танысып әрі КВН сахнасында серіктес болған. Университет қабырғасының 2-ші курсында сүйіктісіне ұсыныс жасаған өзбекстандық жігіт, болашақ жұбайының Қазақстаннан екенін хабарлау мақсатында анасына қоңырау шалады.

Мейіржан Төребаев, актер:

- Мамам айтты: «Қой керек емес. Қазақстанның қыздарына мүлдем жолама, олар қасқырлар. Вот так, вот так! Өзбекстанның қыздары жақсы», - деді. Мен айттым: «Мінезі жақсы, күшті, еще найман, Жезқазғанның қызы. Жезқазғанның қыздары әдемі болады» - дедім. Суретін көрсеттім. Мамам бір айдан кейін көнді.

«Иә, қазігі жастар ата-анамен ақылдасып, үлкеннің пікірімен санаспайды» - дейді, Шахизада. Бүгінде ене атанған әнші, жалғыз ұлына қалыңдықты өзі таңдап бермек болған. Алайда, құрған жоспары жүзеге аспай қалған көрінеді.

Шахизада, әнші:

-Мен шынымды айтсам үлгере алмай қалдым, әрекет жасауға. Өйткені жастар бір-бірін таңдап, кездесіп, келісіп қойған. Содан кейін амалдың жоғынан жарайды деп, батамды бердім.

Отандық спорт саңлақтарының сүрбойдағы Қуат Хамитов, ет-жақындарының көмегіне зәру. Аралас жекпе-жектің шебері үшін ата-анасының айтқаны заң!

Қуат Хамитов, ММА файтері:

-«Осындай қызға үйлен, осындай қыз біздің көңілімізден шығады, осы қыз саған жақсы жар болады, жақсы ұрпақ сыйлайды» - деп, жақсы бір керемет қызды тауып берсе, менің ойымша ол кісілердің батасын алып, солай да үйленген дұрыс.

Бірақ туыстарының тарапынан әлі күнге дейін ұсыныс түспеген. Сондықтан болар, спортшы жігіт отыздан асса да бойдақтық өмірмен қоштасуға асығар емес.