«BTS» тобының жанкүйерлері болса, бойзбенд туралы «Love Yourself In Seoul» туындысын тағатсыздана тосқан еді. Көп күттірген картина еліміздің үлкен экрандарында да көрсетілді! Ал, фильмді тамашалау үшін отандық «Арми» қандай жанкештілікке барды? Мәдина Дәулетқызы баяндайды!
Мадина Дәулетқызы, тілші:
-Қазір мен отандық кинотеатрлардың біріндемін. Шамамен жарты сағаттан соң, елімізде тұңғыш рет «BTS» туралы картина көрсетілмек. Сондықтан да, бұл фильмді біз де қазақстандық «Армимен» бірге тамашалауды жөн санадық.
Сеанс басталғанша, күллі көрермен уақытын көңілді өткізуге тырысқан еді. Кинотеатрда жиналған жанкүйерлер, сүйікті бойзбендтерінің әсем әуендерін қосыла шырқап, бірлесе билеп те алды.
«Армидің» басын қосқан «Love Yourself In Seoul» фильміне – бойзбендтің 2018 жылы Корея астанасында өткен концерті негіз болған. Сол кештегі ерекше шоуды суреттеп, жігіттердің түрлі сезімдерін паш еткен лента, әлем бойынша кинотеатрларда дәл бір күнде көрсетілді.
Алма, «BTS» тобының жанкүйері:
-Біз билетті сатып алған кезде тіпті орындар болмады, алдыңғы қатардан алуға тура келді. -Яғни ыңғайсыз орыннан? -Иә,иә. Ал, енді сіздер сүйікті топтарыңыз үшін қандай қадамға баруға дайынсыздар?
- Иә, мен өте жақсы көрем оларды. Сондықтан мен Оңтүстік Корея туралы көп білдім олардың арқасында, дәстүрімен таныстым. Маған өте ұнайды, иә мен Кореяға барғым келеді.
Ақерке, «BTS» тобының жанкүйері:
-Мысалы мен бұрында мен өзімді санайтынмын. томпақ онша емес деп, қазірге қарағанда. Қазір мен өзімді жақсы көрем. Қалай айтсам екен, «самоценка» көтеріледі адамда. Оларды тыңдау арқылы.
Аружан, «BTS» тобының жанкүйері:
-Мен 2016 жылдан бастап «Армимін». – Неліктен «Арми» болдыңыз? – Бірінші рет бейнебаянын көрдім де, ғашық болып қалдым.
– Ал, «BTS» ішіндегі ең сүйікті емемберіңіз кім?
– Чимин! Себебі ол өте сүйкімді, оның дауыс өте ерекше мен үшін.