Кит Харингтон – тағы да басты кейіпкер!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Тақтар ойынының» жұлдызы – Кит Харингтон, толықметрлі картинаның басты кейіпкері атанды. Актер «Джон Донованның өмірі мен өлімі» атты драмада бой көрсетпек. Телехикая арқылы танылған серіні, енді үлкен экрандардан қашан көре аламыз?

Кит Харингтон аталмыш туындыда – Джон Донован есімді танымал актердің образын сомдайды. Оның хат алмасу арқылы танысқан 11 жастағы баламен байланысы бар. Алайда Джонның бұл ісін табынушылары құптамайды. Енді өнер иесі өз ниетінің адал екенін дәлелдеуі қажет. 13-наурызда ұсынылатын лентада, Натали Портман, Сьюзен Сарандон сынды актрисалар бой көрсеткен.

Режиссер Том Харпер ұсынған «Жабайы раушан» лентасы да, жұлдыз жанның өмірін суреттейді. Кантри-музыкант атануды армандайтын, Роза-Линн Харлан есімді бикештің тағдыры баяндалатын картина – драма жанрында. Фильм сюжетінің желісі бойынша, кезінде түрмеде отырып шыққан ару, енді өзінің талантын дәлелдеу жолында небір қулыққа бармақ.

Патриша Кларксон детективтің рөлінде. Актриса, АҚШ пен Ұлыбритания елі бірігіп ұсынған «Көктен тыс» фильмінде – басты кейіпкер. Криминалды туынды қылмыскерлердің ізіне түсіп, оларды әшкерелеуді мақсат тұтатын әйел жайында. «Торонто» фестивалінде көрсетіліп, киногерлердің ыстық ықыласына бөлеген лента, наурыздың 29-нан бастап үлкен экрандарға жол тартады.