Домбыра мен жалаңаш қыздың үйлеспеуі!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Алдаспан» этно-рок тобы – шешінген қыздардан шабыт алатын көрінеді. Ұлттық аспапты ұлықтап жүрген жігіттердің, кезекті клипіне Шырын Нарчаева таңдалған. Жалаңаш суретімен Қазнетті дүрліктерген қыз арқылы танылу – ұжымның басты мақсаты болса керек.

«Алдаспан» – электро-домбыраның негізін қалаған елдегі тұңғыш ұжым. Ал, өнерпаздардың кезекті клипі – «Нала» деп аталады. Алдымен бұл бейнебаянға басты кейіпкер ретінде, ғаламторды шулатқан Шырын Нарчаева бекітіліп, тіпті түсірілім жұмыстары да жүрген. Кейін қазақтың ұлттық аспабы мен атышулы арудан үйлесім таппаған топ продюсері, режиссердың идеясынан бас тартыпты.

Aldaspan этно-рок тобы:

-Режиссер, сол Шырынды түсіріп алып келіпті. Клипке қосамыз деді. Сөйтіп біздің топта үлкен айхай-шу шықты. Топты таратамын дедім мен. Жігіттермен ренжістім. Егер Шырын болса, мен сендерден бас тартамын дедім.

Осыдан 7 жыл бұрын құрылған топтың танымалдығын арттыруды күйттеген режиссер, Шырын арқылы қулығын іске асырғысы келгенін мойындады.

Дамир Жақия, режиссер:

-«Алдаспан» электро-домбарыны ойлап тапқан алғашқы топ болғанымен, арнайы жүргізген сауалнамада аудиториясы аз екенін аңғардым. Сондықтан бұл ұжымды «хайп» арқылы халыққа кеңінен танытқым келді.

Жаңа видеода – шынайы өмір мен виртуалды әлемнің айқасы суреттеледі. Аталмыш ұжымдағы айқай-шудан соң, Шырынның орнына клипте өзге актриса ойнаған. «Алдаспан» ұжымының хайптан бас тартуын тұсаукесерге келген әріптестері жақсылыққа жорыды.

«Ұлытау» тобы:

-Басында «Алдаспан» тобы хайп туралы клип түсіріп жатқасын, бәрін «хайп қылайық» деп ойлаған болар. Кейіннен «хайптың - айып екенін» түсінген соң, алып тастаған болар деп ойлаймыз!

Жоспары жүзеге аспаған «Алдаспанның» құйтырқылау бұл әдісін, кезінде «AlemBand» тобы да қолданған-ды. Атышулы Айжан Байзақовамен екі бейнебаян түсірген жігіттерді жұрт қызу талқыға салған еді. Бірақ, жеңіл жарнаманың ғұмыры ұзақ болмады!