Айтулы жүлде – «Оскар» марапатының да өз қызықтары жетерлік! Әйгілі «Variety» басылымы киносайысқа үміткер атану үшін, режиссерлар қанша қаржы жұмсайтынын жайып салды. Сөйтсек, көптің арманына айналған мүсіншенің өз құны бар көрінеді.
Мәселен, «Жұлдыз дүниеге келді» картинасын «Оскар» тізіміне енгізу үшін, продюсерлері 20-30 миллион АҚШ долларын сарп еткен. Бұл қаражат – лентаны жарнамалау үшін ұйымдастырылған кампанияның шығыны. Яғни, туындыны шорт-парақшаға кіргізу үшін фильмді әр жерде көрсетіп, тіпті киноакадемия өкілдерімен кездесулер де өткізіліпті.«Бармақ басты, көз қысты» бұл әдіс неғұрлым сәтті шықса, соғұрлым картина көбірек «номинацияға» ие болады екен.