«Juzim» тобының фанаттары болса, кумирлерімен жүзбе-жүз кездесті. Алғаш рет фан-митинг өткізіп отырған қыздар, дәл осы күні «Бағынбаймын» әнінің тұсауын да кескен еді. Ресми түрде ұжымның екінші трегін ұсынған гелзбенд, тыңдармандарын тәнті ете алуда ма?
Juzim тобы:
- «Бағынбаймын» деген ол, «мен саған бағынбаймын, мен сені тыңдамаймын» сияқты емес. Менің де өз пікірім бар, айтарым бар деген сияқты мағынадағы өлең. Ұнайды деп ойлаймыз, өйткені біз өлеңге бір бөлшегімізді ұсындық.
Гелзбенд су жаңа трегін, тыңдармандарына ұсынып қана қоймай, арнайы декодинг түсірмек. Яғни, қыздар әннің сөздерін арнайы видео жазба арқылы қосымша түсіндіріп береді.
Juzim тобы:
- Декодинг – ол өте маңызды, себебі әнді былай адамдар тыңдаған кезде, олар жай сөздер деп ойлайды, көбісі оның астында біз не айтқанымызды астарлы екенін мән бермейді, бірақ осы декодингтің арқасында, осы өлеңнің терең мағынасы бар екенін өзіміз солай түсіндіріп, адамға ұсынамыз.
Ал топ жетекшісі – Асыл Айдарқызы, әннің астарын ашып жатудың қажеті жоқ екеніне сенімді. Алайда тыңдармандар тарапынан түсетін толассыз ұсыныстар мен сұраныстар, продюсердің «Таңдау» әніне арнайы декодинг түсіруіне себеп болған еді.
Асыл Айдарқызы, продюсер:
-Декодинг – әр әнге келе бермейді. Біз фанаттарымыздың коментарийлерін оқып жатырмыз. Егер дұрыс түсініп жатса, декодингтін қажеті жоқ. Егер теріс түсініп, терең мағыналарын түсінбей жатса, онда декодингтің мағынасы бар бұл жерде.
«Juzim» табынушылары арасында «Бағынбаймын» әніне арнайы флешмоб ұйымдастырмақ. Өнерпаздар жақын арада жаңа бейнебаянмен де қуантамыз деп отыр.
Juzim тобы:
-Жоспар деген көп ең бастысы еңбектену, талаптану. Бізбен бірге болыңыздар!