Отандық жұлдыздар бұдан-былай желі арқылы танысып, отау құрмақ ниетте! Солардың бірі - Әли Оқапов, ғашығымды ғаламтордан кезіктіруім әбден мүмкін дейді. Оның үстіне, танымалдарға кейбір әріптестері үлгі болса керек.
Сүрбойдақтар сапын ұзақ уақыт босатуға асықпаған Дильен, махаббатын ғаламтордан тапқан. Әлеуметтік желі арқылы жүректері табысқан қос ғашық, отау құруға дейін тек үш рет жүздескен көрінеді. Бүгінде «Мистерионстық» сері, жары Нұрсәулемен – тұңғыштары Исмаилды тәрбиелеп отыр.
Дильен, «Mysterions» тобының әншісі:
-Мен неге сол жолды таңдадым? Өйткені мен ішімнен ойладым да, мен өзімді жақсы адам деп санаймын. Бірақ мен өзім ғаламторда отырамын. Неге болшақ жарымды ғаламторда таппасқа деп ойладым. Яғни, мен жақсы адаммын ғаламторда отырсам, басқа адамдар да ғаламторда отырады.
Дильеннің өнердегі әріптесі Сара Амангелдінің де осы жолмен сүйгенін кезіктіріп, ақ келін атануға қарсылығы жоқ. Оның үстіне, «ғаламтордағы таныстық» әнші ару үшін жат құбылыс емес екен.
Сара Амангелді, әнші:
-Бұрын жүріп емес енді, танысқам мен де. Маған да интернет желісінде ғаламторда жазған кезде ұнап қалса, неге жазбасқа деп ойлаймын. Оның ешқандай жамандығы жоқ сияқты. Ең, бастысы анандай біреулерге түсіп қалмау керек те...
Қашан үйленесің деген сауал Әли Оқаповқа көп қойылады. Толассыз сұрақтар шаршатты ма, әйтеуір сері сүйгенін әлеуметтік желіден табуға да дайын.
Әли Оқапов, әнші:
-Тек қана әлеуметтік желі арқылы, немесе тек қана интернеттен тыс дегендей, менде ешқандай қағида жоқ. Менің ойымша өйткені, тағдыр не жазады сол болады ғой.
Сондықтан, Оқаповқа ғашық арулар өз бағын ғаламтор арқылы сынап көрсе артық етпес. Еске салсақ, Нұржан Керменбаев желі арқылы танысқан жанкүйерін, жары еткен еді.