Америкалық режиссер – Найт Шьямаланның «Әйнек» лентасы отандық прокатта көш бастады. Психологиялық триллер елімізде ғана емес, әлемдік кино кеңістігінде де үздік деп танылған.
79 млн-ға жуық кассалық табысқа кенелген, «Әйнек» фантастикалық драмасы – «Мызғымас» және «Сплит» ленталарының соңғы бөлімі болып табылады. Жүйкесі жұқарған кейіпкер - Дэвид Данн, енді дұшпанына кеткен кегін қайтару үшін түрлі қулыққа барады. Ол айналасындағы жандардың санасын басқара білу қабілетіне арқылы, өзгеге зиян келтірмек.
Дженнифер Лопестің «Бәрін басынан баста» фильмі бұл аптада екінші сатыға жайғасты. Лента, жоба авторларына 53 млн теңге пайда әкелген. Қызыққа толы комедия – Майя есімді қыздың бастан кешкен оқиғасын суреттеледі. Беделді компанияға жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болған сұлу, басшылығына өзінің талантын дәлелдеуі қажет.
Марго Робби мен Сирша Ронан, «Екі патшайым» картинасымен үздік үштікте. Тарихи туындының қоржынына 43 млн теңгеден аса қаржы түскен. Бұл фильмнің прокаттан алғашқы аптада көрген табысы. Биографиялық картина – Англияның тағына таласқа түсетін әпкелі-сіңілі Елизавета мен Марияның өміріне негізделген. Саясат пен махаббатта да бәсекелес болған бикештердің текетіресі - ашық соғысқа ұласады.