Вайнер-балақай Алим Юсупов 2 жаста!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Yuframe-нің» қатары көбеюде! Танымал отандық вайнерлердің сапына, енді кішкентай балақай да қосылды. Ол Арман мен Каринаның ұлы – Алим. Күні кеше 2 жасқа толған балапан, өзге ғаламтор жұлдыздарына бәсекелес болмақ па?

Бүгінде ең танымал вайнерлердің бірі - Арман мен Карина Юсуповтар, ұлдары Алимге жеке видеоблог арнаған. Небәрі 2 жасқа келген балақай, бірден ғаламтор жұлдызына айналған еді. Бұған басты себеп - қылықты Алимнің күнделікті тыныс-тіршілігі мен еркелігінің ел көңілінен шығуы.

Арман мен Карина, «Yuframe» командасының мүшелері:

-Қазіргі заманның сұранысы осы болса, неге оны қолданбасқа. Бастысы біз оны дұрыс жарата біліуміз қажет. Өзіміз үшін, халық үшін. Бұл пайда табудың жолдары екені бәрімізге мәлім. Сондықтан, о да тұрған ешнәрсе жоқ деп ойлаймын.

Арман мен Карина алғашында Алимнің видеоларын балалық шағынан естелік болсын деп таспалай бастапты. Дегенмен, аз уақыттың ішінде танымалдылыққа ие болған сәби, енді «Yuframe-нің» вайндарында бой көрсетіп жүр.

Арман мен Карина, «Yuframe» командасының мүшелері:

-Біз видеоларды Алиммен сценарий бойынша түсірмейміз. Барынша шынайы болғанын қалаймыз. Алимнің күнделікті өміріндегі сәттері ғана болса да, ол көпшілікке ұнап жатыр.

Ғаламтор арқылы пайда тауып жүрген блогерлер, болашақта Алимнің вайнер атанғанын қалайды. Тіпті қазірден бастап оның таланттына ата-анасы да тәнті болып жүрген көрінеді. Кішкентай бөбек, бүгінде Yuframe командасы сынды, үлкен сұранысқа ие екен.

Арман мен Карина, «Yuframe» командасының мүшелері:

- Өте көп ұсыныстар түседі. Алайда Алим әлі кішкентай болған соң, барынша жеңіл түсірілімдерді таңдауға тырысамыз. Алимді қинап немес бір нәрсені жаттатып түсірмейміз.

Алимнің ата-анасы жүргізетін инстаграм парақшасында бүгінде 500 мыңға жуық фолловерлері бар. Ал ең кішкентай вайнер атанған балақай, күні кеше 2 жасқа толған туған күнін жақындарымен атап өтті.