Биби Рексаның дене-бітімі кімдерге жақпады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ариананың құрбысы Биби Рекса күллі дизайнерлер қауымына өкпелі! Сән әлемінің майталмандары аруға қатысты ауыр сөз айтып, өнерпазды ренжіткен көрінеді!

Әсемдік әлемінің шеберлері мен әйгілі әнші арасындағы түсініспеушілік, БиБи Рексаның «Грэмми» марапатына дайындығынан басталған. Айтулы салтанатқа киерге көйлегі болмай, орындаушы диазайнерлердің көмегіне жүгінуге бел буады.

Алайда, сәнгерлер «бөксең тым үлкен, әрі толықсың» деп, Бибиге көйлек тігуден бас тартқан. Жағымсыз жағдай жанына ауыр тиген Рекса енді, әлеуметтік желіге арнайы видео жүктеп, мұңын шағуда.

Биби Рекса, әнші:

-Егер менің стилім немесе әнім, шығармашылығым ұнамаса жарайды дер едім. Алайда, дені бітімің сәнбикелердікіндей болмағандықтан, қызыл кілемге киер көйлекті тігіп бере алмаймыз деп айтуға құқықтарыңыз жоқ.

Осылайша, өзгелерге «өзіңді сүйе біл» деп бастама көтерген Биби Рексаны, жұлдыздар мен сәнгер Кристиан Сириано бірден қолдай кетті.

Еске салсақ, әнші ақпанның 10-ы күні табысталатын «Грэмми» марапатында «Үздік жас әнші», «Үздік кантри-орындаушы» аталымдары бойынша жеңімпаз атануға үмітті.