Карди Би баласы үшін күйеуін кешіреді ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Карди Би болса сәбиінің қамы үшін, оның әкесімен қайта татуласпақ. Осыдан бір ай бұрын, сүйіктісі Оффсетпен ажырастым деген бикеш, енді өкініп жүрген сынды.

Карди Би мен Оффсеттің шаңырағы бір жылдан кейін шайқалған еді.

Тату-тәтті өмір сүру қолымыздан келмеді деген музыканттар, ажырасып тынған болатын. Каучер есімді ортақ қыз тәрбиелеп отырған жұлдызды жұп, енді бір-біріне деген сағынышын әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жүр. Жұрттың ойынша, экс-ғашықтар тағы бір мүмкіндікті пайдаланып көрмек.

Том Харди телехикаяның басты кейіпкері атанды. Актерға, «Жаңа жылдық жыр» жобасынан шақырту түскен. Үш сағаттан тұратын хикаяда Том, актер ғана емес жобаның продюсерлік тізігінін де қолға алмақ. Режиссер Стивен Найттың айтуынша, картина келер жылы көрерменге ұсынылады.

Кэрри Андервуд тағы бір мәрте ана атанды. Әнші қуанышты жаңалығын табынушыларына инстаграм парақшасы арқылы жеткізді. 35 жастағы кантри-орындаушы шекесі торсықтай ұлды дүниеге алып келген. Джейкоб Брайн деген есімді еншілеген бөбек – Кэрри мен жұбайы Майк Фишердің екінші баласы. Үлгілі жұптардың біріне айналған өнерпаз ару мен хоккейші, 2010 жылдан бері бірге.