Назым Әбілдина продюсерін ауыстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кешью» ұжымында кезекті өзгеріс. Таяуда ғана Назым Әбілдина топтан кеткенін мәлімдеген еді. Танымал триода тұрақтамаған қыздың, Баянмен қоштасуына не себеп? Атышулы үштіктің экс-әншісі келешекке құрған жоспарымен бөлісті.

Кешьюге келген қыздарды қабылдауда талап өзгермегенімен, ал кетердегі себептері сан түрлі. Алғашқы нұсқа – сүйіктісін тапқан сұлу тұрмысқа шығады, екінші мәселе – мінездің сәйкес келмеуі. Үшіншісі – Баян мен Бағымның батасын алып, жеке дара шығармашылықты шыңдау. Иә, құдды бір тест сұрақтары секілді. Таяуда ғана топтағы жұмысын тоқтатқан Назым, бұл жолы қай тетікті таңдады.

Назым Әбілдина, «KeshYou» тобының экс-әншісі:

-Өзіңіз көріп тұрғандай Баян, Бағым Мақсатқызымен жақсы қарым-қатынастамыз. Оны «Кешьюге» келгенде негізі ойлағанымын. Бес жыл, жеті жыл болсын, әйтеуір кететін күнім болады. Сол кезде Баян мен Бағым Мақсатқызы маған ренжімесе болды.

Ұстаздарының алғысын арқалған ару, бұдан былай жеке әншілікті қолға алып, орайы келсе отандық кинонарыққа да қызмет етуді құп көреді.

Назым Әбілдина, «KeshYou» тобының экс-әншісі:

-Бүгін ғана маған хабарласты. Бір рөлге. Соны ойластырудамыз. Енді көре жатармыз. Иә, кинода!