R Кelly-мен ортақ жұмысын тоқтатқандар тізімінде Леди Гага да бар. Әлемге әйгілі әнші жеке ән кешін өткізді.
Былтырғы жыл Леди Гага үшін табысты болды. Ол өзін актрисалық қырынан танытып, «Алтын Глобус» пайымымен «ең үздік әйел рөлі» марапатын иеленді. Енді музыка әлеміндегі белсенділігін қайта арттырған ол, күні кеше Лас-Вегаста «JAZZ & PIANO» атты ән кешін өткізді.
Оркестрдың сүймелдеуімен болған концертке, Леди Гаганың досы, америкалық музыкант Брайан Ньюманның өзі қатысқан. Ерекше кеште Гага, өзінің «Paparazzi», «Born This Way» әндерін өзгеше нұсқада орындап, тыңдармандарын тәнті ете білді. Әр концертін шоуға ұластыратын өнерпаз, сахналық образдарымен де көзге түскен.
Жұлдыз асыл тастармен көмкерілген көйлегін танымал дизайнер Ralph Lauren топтамасынан таңдаса, оны малазиялық сәнгер Jimmy Choo киімімен үйлестірген. Ал әншінің эпатажды образдары Schiaparelli сән үйінде арнайы тігілген екен. Гага бикеш бұл кеште жалғыз өзі емес, сахнадағы 30-ға жуық түрлі аспаптарда ойнайтын музыканттармен бірігіп өнер көрсеткен.
Өзінің сазды әуендерін пианиномен де ойнап берген Гага, «Жұлдыз дүниеге келгенде» картинасына арналған саундтректерді де ұмыт қалдырмаған. Осылайша «Грэммидің» бірнеше мәрте жүлдегері, жанды дауыста өткен концертінде, басы-қасы 23 ән орындаған.