Эмма Стоун ғашығы үшін киноны қоймақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса Эмма Стоун болса, кино әлеміндегі қызметіне үзіліс жасады. Танымал жұлдыз өзінің жеке өміріне көбірек уақыт бөлмек екен. Себебі бикеш, өз ғашығын кездестірген көрінеді. Эмманың жүрегін жаулаған сері кім?

Эмма Стоун 2017 жылдан бері, Дэйв МакКари есімді азаматпен көңіл қосқан екен. Актрисаның таңдаған серісі - «Saturday Night Live» тележобасының авторы болып шықты. Эмма бикеш пен Дэйв дәл осы бағдарламада танысқан. Қарым-қатынастарын біраз уақытқа дейін құпия ұстап келген ғашықтар, енді ел алдына шықты.

Кайли Дженнер болса, тұрмыс құруға асықпайды. 21 жастағы сәнбике, сүйіктісі Трэвис Скотпен Сторми есімді қыз тәрбиелеп отыр. Заңды некеге отырудан қорқамын деген Кайли, әпкелерінің қателіктерін қайталағысы келмейтін көрінеді. Себебі, Кимнің алғашқы күйеуімен қарым-қатынасы бірнеше айға ғана созылса, Хлои Кардашьян жарының опасыздығына әлі күнге көз жұмып келеді.

«Фантастикалық құбыжықтар» фильмінің үшінші бөлімі кейінге шегерілді. Дәл осы жылы жарыққа шығуы тиіс лентаның, түсірілім жұмыстары әлі басталмаған. Картинаның сценариі толықтай дайын еместігін алға тартқан жоба авторлары, франшизаның жалғасын 2021-де ұсынбақ. Қиял-ғажайыпқа толы туындының басты кейіпкерлері: Эдди Редмэйн, Джонни Депп пен Эзра Миллер рөлдеріне қайта оралады деп күтілуде.