Біз бопсалауға қарсымыз! Дәл осылай Ерболат Беделханның жары – Асыл Айдарқызы жан айқайын жеткізуде! Жуырда ғана «Жүзім» атты гелзбенд құрып, продюсер атанған бикештен әлдекімдер ақша талап етіп жүрген көрінеді. Мәселенің мән-жайын, тілшіміз Мадина Дәулетқызы біліп көрді.
Асыл Айдарқызын бопсалаушы продюсерге бөтен емес, «Жүзім» тобының желідегі парақшаларына жауапты болған адам. Шиеленіскен оқиға қыркүйек айынан бастау алған.
Асыл Айдарқызы, продюсер:
-Маған маркетингпен айналысатын адам керек болды, немесе компания керек болды. Сол іздеген адамдардың ішінен, таңдап алынған адам болған. Ол негізі содан кейін маған жай ғана маркетинг болу қызықсыз, мен партен болғым келеді. Жарайды, онда партер болсаңыз тек қана маркетинг емес, басқа да іс-шараларды аласыз деген бізде бір ұсыныс болды, бірақ оның барлығы ауызша болған.
Кейіннен қос тарап қызу жұмысқа кірісіп кетеді. Алайда, уақыт өте серіктес атанған қызметкер жұмысын тиянақты атқармай, желідегі парақшаларды өз мүддесіне қолдана бастайды. Одан бөлек, продюсерден келісілген соммадан, көбірек пайыз талап етеді.
Асыл Айдарқызы, продюсер:
-Сөйлесіп, бір шешімге келеміз деген де ой болды. Бірақ ол, өз дегенін істеп жүрді. Мысалы, парольдерді бермей, ол ноябрь айынан бастап.
Осылайша мәмілеге келе алмай, «Жүзім» тобының әлеуметтік желідегі барлық парақшаларынан айырылған Айдарқызы, енді істі сотқа дейін жеткізбек ниетте. Заңгерлермен де кеңесіп қойған.
Қанат Кутумов, заңгер:
– Бопсалаушыларға айтарым «Жүзім» тобының құқықтарын қорғау үшін заң шеңберінде нақты әрекет етеміз. БАҚ өкілдері арқылы, мәселені ушықтырмай бейбіт келісім жасауға дайын екенімізді, қарсы тарапқа жеткізгім келеді. Біз қойған талаптар орындалмаса, онда соттың құзіретіне жүгінетін боламыз.