Әлемге танымал әнші Мэрайя Кэри өз көмекшісін сотқа берді. Өнер иесін экс-қызметкері бопсалап, Мэрайядан 8 млн доллар талап еткен. Істің ақ-қарасын келесі сюжетте анықтаймыз.
Мэрайя Кэри, Лианна Азарян есімді жеке көмекшісімен 4 жылдай бірге жұмыс істеген. Қызметкерінің теріс қылықтарын көрген әнші, онымен 2017 де ортақ келісім шартты бұзады. Ашуға бұлыққан ассистенті, Мэрайяның жеке фотоларын БАҚ өкілдеріне таратамын деп қорқытса керек. Ақым кетті деп даурықққан Лианнаны, әнші тек пайда таппақ ниетте деп айыптауда.
Танымал рэпер Джей Зидің басы дауға қалды. Музыкант 2015 жылы «Tidal» атты музыкалық чартты сатып алған екен. Енді тыңдарманы, өнер иесін бұл платформада өз әндерінің тыңдалымын жасанды түрде көбейтеді деп айыптап отыр. Тіпті, жұбайы Бейонсе мен өнердегі әріптесі Канье Уэсттің альбомдарының танылуына да осылай көмектескен деседі. Ал Джей Зидің өзі, бұл күдіктің барлығын жоққа шығаруда.
Үлкен экранда тағы бір Аладдин! Франция елі, араб ертегілерінің кейіпкері жайлы өзгеше туынды ұсынбақ. Комедиялық жанрда таспаланған лента, Бағдат қаласының ханшайымына үйленуді көздейтін ұрлықшы баланың хикаясы жайлы. Енді Аладдин ханзадаларға бәскелес атанады. Қызыққа толы фильм қаңтар айының 31-нен бастап көрерменге жол тартпақ.