Халықаралық «The Beatles» күні!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық өнерпаздар Халықаралық «The Beatles» күні қарсаңында, әйгілі топты еске алды. Олардың арасында британдық ұжымды өз дәуірінде дәлме-дәл қайталауға тырысқандар да бар көрінеді. Сонымен, жұлдыздар ішіндегі нағыз «битломан» кім?

Бүгінде британдық «The Beatles» тобы жайлы естімеген адам кемде кем. Кезінде Джон Ленон, Пол Маккартнии, Джордж Харрисон, Ринго Старр есімді музыканттардан құралған ұжымның әсем әуендері әлемді жаулаған еді. Топтың танымал туындылары отандық әншілердің шығармашылығына да әсер етпей қоймады.

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Өлеңдерін бәрін білеміз «yesterday» деген сияқты, бірақ классикалық өлеңдері ұнайды. Барлық әндерін, барлық атауларын білемін деп айта алмаймын. Құрметтеймін, сыйлаймын. Жалпы әлемді өздеріне қаратқан, бағындырған деп айтсам болады.

Лұқпан Жолдасов балалық шағымның ең жарқын естеліктері Битлз тобымен байланысты дейді. Тіпті, музыкант кезінде «ливерпульдік төрттіктің» көшірмесі атануға талпынған көрінеді.

Лұқпан Жолдасов, музыкант:

- «The Beatles-ды» енді біз сонау 70-ші жылдан бері танимыз, білеміз. Танимыз дегенде біздікі сол музыкасын тыңдау, солармен кезінде ауырып, әндерін тыңдап, солардың қалай гитара ойнайтынын қарап, өтірік ағылшынша айтып, жаңағы өтірік орысша сөздер қосып, талай айттық қой кезінде. Менің жетістіме көп пайдасы тиді оның.

«Yesterday», «Yellow Submarine», «Let IT Be». Ерек әндері арқылы көпке танылған «The Beatles»-ты бүгінде Rolling Stone журналы тарихтағы ұлы музыканттарға балап отыр. Сондықтан болар, жылдар өтсе де, «битломандар» қатары азаймақ емес.

Әли Оқапов, әнші:

-Біздің ата-аналарымыз оны жақсы көреді. Тіпті жақында ғана менің анам мен Мәди Лондон қаласындағы «Эпирол» студиясына барып, яғни Битлс болған жерде «The Beatles» жазған жерде, маған естелік ретінде екі-үш футболка әкеп берген. Менде нағыз «The Beatles» фанаты ретінде заттарым бар.