Жүктілік тақырыбы, жақында келін атанған Майли Сайрусты да айналып өте алмады. Актер Лиам Хемсвортқа тұрмысқа шыққан әншінің аяғы ауыр деседі.
Америкалық поп-орындаушы мен австралиялық актердің отау құрғандарына бір айдан асты. Жұлдызды жұптың үйлену тойы құпия түрде өткен еді. 2009 жылдан бері түрлі сынақтан өткен ғашықтар, ақырында бақытты отбасына айналды. Жуырда танымалдардың жақындары, Майлидің аяғы ауыр деп қуанышты жаңалықпен бөліскенімен, өнерпаз бикеш бұл ақпаратты өзінің твиттер парақшасында жоққа шығарды.