Ләйлә Сұлтанқызы кеш ұрпақ сүюді қолдайды

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық танымал Марго Робби «Қашан ана атанасың?» деген сұрақтан шаршап жүр! «Бұл тек менің ісім, өзім білем» - деп, кесіп жауап айтқан актрисаны, отандық жұлдыздар да қолдай кетті. Мәселен, Ләйлә Сұлтанқызы өнерпазды өте жақсы түсінетінін жеткізді.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Енді дәрігердің айтуы міндет, сен 25-жасқа дейін 2-3 баланы дүниеге әкелуің керек деп. Физиологиялық жағынан. Бірақ кейбір қыз келіншектер бар, қырыққы дейін жағдай жасайтын. Қалай сөгесіз оны. Қалай сөгуге хақыңыз бар. Ол солай жоспарлады. Оған солай ыңғайлы болды.

Сұлтанқызы сөз еткен сұлулардың бірі – Рано Умарова. Марго Робби сынды, кезінде ол да «Тезірек ана атан» - деген, сөздерден мезі болған көрінеді.

Рано Умарова, әнші:

-Мысалы, мен 20 емес 30 жаста босандым. Қандай да бір қиындықтар болмады, өзімді жақсы сезіндім. Меніңше, керісінше әйелдің жасы ұлғайған сайын, ақылы көбейіп, жүктілікке де жауапкершлікпен қарайды.

Алайда, бұл пікірмен дизайнер Әсем Нұрсейітова мүлде келіспейді. «Кеш жүктілікке» байланысты өнер иесінің өзіндік көзқарасы бар.

Әсем Нұрсейітова, дизайнер:

-Жас келгеннен кейін бала қарау керек. Түнде ұйқыны бөліп, бала қарау керек, емізу керек. Ол жаста қиынырақ шығар деп ойлаймын. Сондықтан да қырыққа таяу немесе қырыққа дейін деп ойлаймын. Өзімде бір ойым бар 40-қа дейін, тағы бір сәби сүйсем деген ойым бар.

Айтпақшы, қырықтан асса да Ләйлә Сұлтанқызы да тағы бір мәрте ана атануды жоспарлап жүр. Ал, сәби сүюге қатысты пікірталасты танымал тележүргізуші өз сөзімен түйіндегендей.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Баланы дүниеге әкелуге келгенде әйел дайын болуы керек. Білесіз бе, бастысы баланың дені сау болу керек