Майкл Джексон рекорд орнатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Майкл Джексон дүниеден өтсе де, оның есімі түрлі музыкалы рекордтар жаңғыртудан жалығар емес! Поп-патшасының «Thriller» әнжинағы, винилды альбомдар арасында әлемдегі сатылымы ең жоғары туынды атанды.

Америкалық дыбыс жазу қауымдастығының мәліметінше, Майкл Джексон альбомының 30 миллионнан астам көшірмесі саудаға түскен. Дәл осы көрсеткішпен рекорд орнатқан туынды - «гауһар» мәртебесін иемденген әлемдегі бірінші жинақ болды. Бұған дейін, аталмыш межеге жете алмаған альбомдар тек «алтын» және «платина» деңгейін місе тұтып келген еді.

Алайда, бақилық музыканттың бүгінгі бұл жетістігі – оның жақындары үшін қуанарлық жайт емес. Себебі, «тәуелсіз әрі ең шыншыл шығармалар бәсекесі» дейтін ұранды ұстанған Sundance Film Festival-де, поп-патшасы туралы картина көрсетілмек. Ең сорақысы, деректі лента – кезінде Майкл Джексоннан сексуалды зорлық-зомбылық көрдік деген қос жігіттің сөздерінің негізінде таспаланыпты.

Енді, ақиқатты ашамыз деген атаққұмар киногерлердің қылығы сотқа дейін жеткізілмек. Оның үстіне, өздерін «зәбірленуші» деп атағандардың сөздері кезінде – негізсіз деп танылған еді. Майкл Джексон өкілдері болса, бұл істі - танымал тұлғаның есімі арқылы әйгіленудің ең сәтсіз амалы деп пайымдауда.