Адель, музыкалық мансабына нүкте қоймақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Өзінің ерекше дауысымен әлемге танылған Адель, сахнаға шығуға құлықсыз. Бүгінде «Форбстың» ең бай жас әншісі атанған ол, енді бар уақытын 6 жасар ұлына арнамақ.

Өткен жылы 120 елдімекенді аралап концерт өткізген британдық өнерпаз, басы-қасы 1,5 млн тыңдарман жинаған. Бірнеше дүркін «Грэмми» жүлдегерінің үнтаспасы да 100 млн-ға жуық таралыммен сатылыпты.

Мұндай табысқа қарамастан, Адель гастрольдік турнелерден бас тартты. Бірақ, жаңа туынды ұсынамын деп уәде етті.