Жанкүйері тағатсыздана тосқан «Тақтар ойыны» телетуындысы – соңғы маусымын ұсынбақ. Дегенмен әйгілі телехикая көрермендерімен қош айтыспайды. Себебі, авторлар атышулы жобаға арқау болған оқиғалардың, неден бастау алғанын жаңа хикая етіп таспаламақ.
Орта ғасырлық елдердің таққа таласын баяндайтын фэнтезидің 8-ші маусымында құбыжықтар көбейе түскен. Ортақ жауды жеңу үшін – жеті патшалық ақтық шайқаста күш біріктірмек. Алайда бұл соғыс, олардың өзара бәсекелестігін жоя алмайды. Басты кейіпкерлердің қайсысы таққа отыратынын 14-ші сәуірден бастап көре аласыздар