Жұлдыздардың 2019 жылға жоспары!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәурен мен Ақбота сынды, өзге өнерпаздар да өз жоспарларымен бөлісуге асық! Мәселен, жұлдыздардың бір парасы бұл жылы қалай да танымалдылығымды арттыра түсем десе, арасында үйленуді қалайтындары да бар. Сонымен, сүрбойдақтар сапынан кім кетпекші?

«Өткен жылға өкпе жоқ» дейтіндер қатарында – әнші Кентал бар. Енді, бойдақтықпен қош айтыса алмай жүрген сері, 2019-да мінтетті түрде үйленіп, жақындарын бір қуантпақ.

Кентал, әнші:

-Жылды жақсы жаптым. «Құдағи» деген әнім шықты, екі дуэтім шықты Луинамен, Индирамен. Жоспарлар көп, бейнебаяндар түсіру, киноға түсу. Үйлену деген жоспарда бар. Сондықтан, басымыз аман-сау болсын алдымен.

Кенталмен салыстырғанда «тұрмыс құру» миссиясын баяғыда-ақ орындап қойған Айдана Меденова, биыл шығармашылыққа шындап кірісуге ниеті. Алайда ол өзінің емес, қол астындағы шәкірттерінің жұмысына ден қоймақ.

Айдана Меденова, әнші:

-Барлық жақтан, жұмыс жағынан болсын, денсаулық жағынан, білім жағынан, барлық жағынан әр адам тырысатын шығар, мен де сол барымды саламын. Енді, тобымыздың, «Өзге» тобының шығармашылығын көтеруге тырысамыз. 2 бейнебаян түсіреміз.

Mad Wave-ке «Мадмэндіктерден» жағымды жаңалық! Жігіттер 2019 жылы түрлі жобалардың арқасында өз жанкүйерлеріне бір табан жақындай түсуді қалайды!

«MADMEN» тобы:

-2019 жылға қазір көптеген проектілер ойластырылып жатыр. Солардың арасында реалити-шоу бар, влог, бейнебаяндар және тағы тағы тағы басқа, жаңадан проектарді көрсетуге тырысамыз.

Жылдық жоспарын Аида Кәуменова да реттеп қойған. Креативті сәнгер биыл тыныштықты қалайтын секілді.

Аида Кәуменова, дизайнер:

-Ең бірінші жоспарым, қазір барлығы қалай болып жатыр, солай бола берсін. Тыныштық болсын, елімізде бәрі жақсы болсын, бізде де жақсы болады сонда