Жұлдыздар қысқы демалысты қайда өткізбек?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бұл маусым мен үшін де жемісті болды», - деген Айдана Меденова, енді жаңа жылдық демалысқа дайындалып жүр! Керек болса, әнші жұбайын жанына ертіп Антарктидаға да аттануға қарсы емес. Ал, оның өнердегі әріптестері мерекені қайда қарсы алмақ?

Қысқы демалысын көңілді өткізуді жоспарлап қойғандардың бірі – Кентал. Әнші шетелдік саяхатқа қазірден бастап қамданып жүр. Өнерпаз үшін сапар шегетін елінің мәдениеті маңызды.

Кентал, әнші:

-Осы қыста, білмеймін енді, жоспар бар. Шетелге кету, демалу. Бірақ оны көреміз енді, менікі жай ғана Турция, Дубай. Дәстүрлері маған жақын, тағамдары. Менің жақсы көретін тағамдарымның бірі -турецкий, арабский деген тағамдар.

Айдана Меденова болса, барар жерінің тағамын талғамайды. Ол үшін асыл жары жанында болса жеткілікті. Сұлу сүйктісімен бірге әлемнің ең суық нүктесіне де табан тіреуге әзір.

Айдана Меденова, әнші:

-Жаңа жылдан кейін, күйеуім Әлішер екеуіміз демалуға барайын деп жатырмыз. Инстаграмнан көрерсіздер. Жылы жаққа деп айта алмаймын. Жылы жаққа емес, Антарктидаға.

Шетелге асыққандардың қатарынан «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дейтіндер де табылды. Кейбір өнер өкілдері үшін Қазақстандағы демалыс жаныжанға жайлы.

C.C.Tay, әнші:

-Арқалыққа өз ауылыма барғым келіп жүр. Өйткені көп болды бармағаныма, ата-әжемді сағындым. Сол біліп, қал-жағдайын сұрап, барып қайтайын дедім. Ал, басқа қалаға, елге мен кейін де барып үлгеремін ғой.

Аида Кәуменова, дизайнер:

-Осы жылы шетелге шықпаймыз. Өйткені, өзіміздің Қазақстанымызда өте көп, керемет жерлер бар. Мен ойлаймын, өзіміздің жанұямызбен бірге бәріміз топырлап, Қазақстанда демаламыз.

Сондықтан да, Аида Кәуменова өзінің барша әріптестерін отандық туризмді қолдауға шақырады