«Ninety One», «Кешью» сынды танымал топтардың хореографы болған Дос Ұсабаев енді - продюссер. Кәсіби биші «D4» атты жаңа гелзбендті шоу-бизнес көшіне қоспақ. Достың айтуынша бұл топ, эстрадаға жаңа леп әкелмек.
Pop, R&B жанрында ән шырқайтын гелзбендті Дос 3 жылдан бері дайындаған. Төрт қыздан құралған «D4» тобы, сахналық образдарымен ғана емес, хореографиясымен де ерекшеленбек ниетте. Ұжымның продюсеры дәл осындай жобаны отандық шоу-бизнес көшінен ұзақ күттім дейді.
Дос Ұсабаев, хореограф:
-Біздің әртістер әнге мағына береді, және өзі әдемі болып шығады да, өлең айтып шығып кетеді, шоу ешкім жасамайды сол өкінішті. Группаны өзім шыны керек, бес жылдай ойлаған шығармын, мен ойладым Баян Мақсатқызы ма, кім білмеймін біреу құрау керек деп, ешкім құраған жоқ өзіме алдым.
Продюсерлық қызметті мықтап қолға алған хореограф, Баян Алагөзовамен бәсекелестікке түспеймін де дейді. Ал «Дифо» тобының қыздары, «Кешью» сынды топтан кетіп қала алмайды. Себебі продюссер мен ұжым екіара 8 жылдық келісім шартқа отырған.
Дос Ұсабаев, хореограф:
-«Кешью» ол «Кешью», Ол бренд, оның атағы бар. «Кешьюмен» бір орында тұру деген дұрыс емес. Біз ұқсамаймыз да мен бәсекелес көрмеймін, өйткені, ол группаны өзім сүйемін.
Өздерін «Дифо» деп таныстыратын топтың, бүгінде 6 бірдей әні мен дебьютты бейнебаяны әзір. Қыздарды ашық-шашық образдарымен көпшілікке көрсетуге ниетті Дос, түрлі кереғар пікірлерге де дайын көрінеді.
Дос Ұсабаев, хореограф:
- «Хайпануть» десе мен шақыратын едім, клипіма кейбір әртістер сияқты «хайп» жинайтын. Сондықтан бұл «хайп» емес, өте мықты проект деп айтсам болады.
Топқа қатаң талаптармен қабылданған 18-24 жас аралығындағы арулар болса, тыңдармандарға ұнаймыз деген үмітте.
D4 тобы:
-Кішкене қобалжыдық себебі, бірінші нәтиже қалай шығады халық қалай қабылдайды деп біз ойланудамыз. Бірақ көбіне жастарға ұнайды деп сенеміз