BTS пен Эд Ширан бірігіп ән салмақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Енді күллі «АРМИ-ге» жағымды жаңалық! Ники Минаж және Стив Аокимен бірлесе ән шырқаған BTS ұжымы, жуық арада тағы бір тандем ұсынуы бек мүмкін. Көптен бері, корейлік бойзбенд пен Эд Ширанның ортақ трек жазуы жайлы жанкүйерлері жиі сөз қозғаушы еді.

Бұл болжамның соңғы нүктесін британдық орындаушы қойғандай. Телебағдарламалардың бірінде табынушыларының сұрақтарына жауап берген Эд Ширан, BTS-пен бірге орындауға болатын туындыны әзірлеп қойғанын жеткізді. Соған қарғанда, «АРМИ» көп ұзамай тағы бір тың тректі тыңдай алмақ! Алайда, бұл қандай ән екені әзірге белгісіз.