Ресейлік жұлдызды жұп – Гуф пен Кети Топуридің қарым-қатынасы қыл үстінде. Себебі рэпер сүйіктісіне опасыздық жасаған. Музыканттың түзде жүріп 18 жасар арумен көңіл жарастырғаны мәлім болды. Бұл жаңалықты Кети қалай қабылдады екен?
Рэпердің Яна есімді арумен көңіл көтеріп, уақыт өткізгені мәлім болды. Өзінің атын шығармақ болған 18 жастағы бикештен Гуф, Кэтимен қарым-қатынасына кедергі болмауын талап еткен көрінеді. Кети, табынушылары мен БАҚ өкілдеріне бұл жәйт жайлы жауап беруден бас тартып отыр.
Жас актриса Милли Бобби Браун – БҰҰ-ның өкілі мәртебесіне ие болды. Небәрі 14 жасында елші атанған бойжеткен, енді жеткіншектердің атынан қызмет етпек. Кішкентай жұлдыз «Өте қызықты істер» телехикаясындағы рөлі үшін «Эмми» марапатын да еншілеген еді.
Милли Бобби Браун, актриса
-Мен әлі кішкентай бала болсам да, өзгелерге әрдайым көмек қолын созуға дайын екенімді айтқым келеді. Маған сенім артқан жандарға алғысым шексіз.
Музыкант Джаред Летоның актерлық қабілеті де мықты. Әнші әйгілі Джокердің ролін мінсіз сомдап шыққан еді. Енді сері, «Sony» студиясы түсіретін жаңа лентаның кейіпкері атанбақ. Джаред, зұлымның образына сай келу үшін, өз имиджімен де қош айтысты. Сақал мұртын түгелдей алып тастаған өнерпазға, 1971 жылы пайда болған комикстың кейіпкері - Морбиусты сомдау бұйырған.