Африкадағы қазақша бизнес!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстандық кәсіпкерлер енді Африкада! Кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по казахски» картинасының үшінші бөлімінің ресми трейлерін ұсынды. Бұл жолы әзілқой іскерлер қандай қызықты оқиғаны бастан кешпек?

Комедиялық лентаның жалғасында, Жомарт ғашығын алып, Дубайға жол тартады. Бал айын өткізбек болған серінің туыстары да, олардан қалыспай араб әмірлігіне еріп барады.

Саяхат кезінде, олар Кениялықтарға кезігіп, арттарынан Африкаға аттанады. Сондағы мақсаттары шәй өсіріп, өз беттерінше бизнесмен болу. Бірақ Жомарттың бауырлары, тосыннан қара нәсілділердің қолына түсіп қалады.

Нұрлан Қоянбаевтың түсірілім үшін Кенияны таңдауының өз себебі де бар.

Нұрлан Қоянбаев, кинородюсер, тележүргізуші:

-Дубай мен Африка. Үшінші кинода біз басқа менталитетке келуіміз керек. Мысалы, көшпенділер басқа менталитетпен кездесу керек.