«Рингоның» жаңа әнін жұрт неге ұқсатты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Алуа Қонарованың тағы бір жобасы - «Ринго» тобы кезекті бейнебаянын ұсынды. «Неге» атты лирикалық әннің сөзін табынушылары «Меломан» тобының «Арман шағала» трегіне ұқсатты. Бойзбендтің тың туындысы жайлы продюсер - Есболат Беделханның да айтары бар.

«Ринголықтар» уәде еткендей жаңа бейнебаян жарыққа шықты. «Неге» деп аталатын туындыда - Әділжанның махаббат хикаясы баяндалған.

Су жаңа бейнебаян ұсынған «Ринго» тобының жігіттеріне тыңдармандары түрлі пікірлерін жазуда. Бойзбендтің клипін бірі ұнатқанымен, кейбірі әннің мақамын «Меломеннің» «Арман шағала» трегіне ұқсас деп айыптады. Музыкалық продюсер Есболат Беделхан да, маман ретінде өз ойымен бөлісті.

Есболат Беделхан, әнші, продюсер:

-Әрине айтылу манера ол өздерінің вкустары белгілі. Біз білеміз кім қандай әндер айтып, жақсы көреді, қалай айтатынын білеміз. Мүмкін ұқсастық бар шығар. Бірақ-та мен оған мән бергім келмейді. Өйткені өте жақсы ән, өте өздеріне лайықты.

Есболат «Ринго»тобына шаң жуытпақ емес. Оның сөзінше, күні бүгінге дейін «Рингоның» ән айту стилінің бір сарында қалып қоюына жігіттер айыпты емес, бұл халықтың ықпалы көрінеді.

Есболат Беделхан, әнші, продюсер:

- «Рингоның» жаңағы музыкаларының әндерінің, бір-біріне ұқсауы оның себебі басқада. Олардың таңдауында емес, олардың қалауында емес. Осы Қазақстандағы шоу-бизнестің бір заңдылығы деп ойлаймын. Көбінесе халық таңдайды ғой. Халық ұсынады.

Есболаттың сөзінші, бүгінде көпшілікке өз қалауындағы әнді тыңдата білетін музыканттар аз. Себебі өнердегі жұлдыздарға тәжірбие жетіспейді.

Есболат Беделхан, әнші, продюсер:

-Әрине әр өнер адам музыканы зерттеп жүрген, осы музыка бизнесте жүрген адам, әрине эксперимент жасау керек. Сонымен қатар осы қандай өнер дамып келе жатыр, қандай өнер бүкіл халықпен қабылданады, соған байланысты өзінің өнерін көрсетуі керек.

Кіші Беделхан әншілеріміздің өнері – тыңдарманның талғамын жақсартуға септігін тигізсе болғаны дейді.