Махаббат жасқа қарай ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқын мен Жұлдыз жайлы талқылау ғаламторда толастар емес. Бүгінде бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатқан атышулы жұп, осыдан 3 жыл бұрын танысып, көңіл жарастыра бастаған. Бірақ ол кезде Төлепбергеннің отбасылы екенін білмеген «Кешьюлік» әнші, ғашығының жасына да мән бермепті.

Айқын 1982-нің ақпанында дүниеге келсе, жұбайы Жұлдыз 1995-ші жылғы. Бұл жұп махаббаттың жас талғамайтынын жұртқа дәлелдеді. Басында «Кешьюдегі» үрімдей жас қыз, орда бұзар отыздағы жігітке жар боламын деп ойламаған.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

- Иә, арамыз 13 жас! Бірақ бірінші танысқан кезімізде мен шынымды айтайын жасын білген жоқпын. Ойлаған жоқпын ондай жаста екенін. Ол кезде ол 33 жаста болды. Ол жасын айтқан кезде мен таң қалып қалғанмын. «Сіз 33-ке ұқсамайсыз. Ары кетсе 27-28... Бір 25 пен 27-нің аралығында деп ойладым десем, жоқ мен 33 жастамын» дейді.

Ал, өмірде жас айырмашылығы тез түсінісуге кедергісін келтірмей ме?

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

-Қазір сөйлегенде ол үлкен кісі сияқты сөйлемейді. Ол жас! Көңілі жас. Әзілді, қалжыңды жақсы көреді.

Айтпақшы, Айқынның рекордын Айдарқұлов жаңартты. Дәуреннің қазіргі келіншегі Ақбота, актердан 14 жас кіші екен. Аралары алшақ болғанымен, бұл отбасында кикілжіңге орын жоқ!

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Былайша айтқанда кедергілер сезілмейді. Ақбота жағынан да мен сұраған кезде, менің өзім жақтан да ешқандай қиын нәрселер, кедергілер болмайды.

Атышулы Айдарқұлов алғашқы шаңырағының шайқалып, екінші мәрте отбасын құруын – тағдырдың маңдайға жазғаны деп топшылайды. Бірақ, өткен өмірі хақында тәжірибесін айтып, замандастарына кеңес беруге құлықты емес!

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Мен енді бұл айтқан сөзбен мен қатарлы жігіттерге жас қыздарды алыңдар деген үгіт-насихат жүргізіп жатқан жоқпын. Бірақ бізге қатысты ешқандай кедіргілер болып жатқан жоқ!

Сондай-ақ, Бүркіт пен Аишаның жас айырмашылығын 11, Қыдырәлі мен Қарақаттың арасын 12 жыл бөліп тұр. Ал, танымал журналист Дана Орманбаев отағасы Дәуіт Шаихисламовтан 11 жас үлкен екен.