Канье Уэст қайдан идея ұрлап жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Канье Уэсттің басы тағы дауға қалды. Енді оны «жиендік жасадың» деп, әнші Лорд айыптап отыр. Бір қызығы, ол атышулы рэперді плагиат үшін емес, сахнаның дизайнын ұрлағаны үшін сотқа бермек.

Канье Уэсттің «Camp Flog Gnaw» фестиваліне арналған ән кеші дүркіреп өткен еді. Рэпер ол үшін әріптестерінің түрлі идеяларын қолданудан да бас тартпапты. Музыканттың бұл қылығын әнші Лорд құп көрмей, бірден шағым жасаған. Ол Каньенің ешқандай рұқсат алмағанын алға тартады. Лорд енді өнер иесінің кешірім сұрағанын талап етіп отыр.

Дженнифер Лопес сүйіктісі Алекс Родригестің заңды әйелі болмаса да, оның экс-жарымен қарым-қатынасына араласып жүр. Бейсболшы болса бұрынғы жары Синтиямен балаларының алименті үшін соттасып әлек. Джей Ло қазіргі ғашығының көп мөлшерде ақша жұмсауына қарсы екен. Себебі, Алекс екі қызының қажеттіліктері үшін айына 115 мың доллардан төлейтін көрінеді. Лопес бикеш енді бұл сомманы азайтуды көздейді.

Ченнинг Татумның экс жұбайы Дженна Дуан, жаңа ғашығы жайлы алғаш рет ашып айтты. Актриса, Татуммен айрылысқан сәттен соң бірнеше айдың ішінде, актер Стив Казимен көңіл қосқан еді. 43 жастағы сері, Дженна қиналған сәтте қасыннан табылып, жүрегіне жол тапқан көрінеді. «Стивпен ерекше бақыттымен» деген Дуан сұлудың, бүгінде жүзі балбұл жайнап жүр.