Қазақтың атын шығаруға өз үлесін қосып жүрген, паралимпиадашы Серік Есматов, Алматы тауларының шыңын бағындырды. Спортшыға қолдау көрсетуге 2000 мыңға жуық жанашыры жиналған.
Бала күнінен спортқа құмар Серік Есматов, 13 жасында қайғылы жағдайдан қос аяғынан айырылған. Басына түскен қиыншылыққа қарамастан ол, сүйікті ісімен шұғылдануын тоқтатқан емес.
Серік, 2013 жылы Малазияда өткен халықаралық жарыста, алғаш рет волейболдан паралимпиадалық турнирде қола медаль жеңіп алды. Мүмкіндігінің шектеулі болғанына мойынсұнбаған спортшы, бүгінде 20 жаста. Ол волейболмен қатар, жүзумен де айналысады.
Волейболдан Қазақстан құрамасының капитаны атанған паралимпиадашы Есматовтың ұстанымы - салауатты өмір сүру. Протездің көмегімен аяғын нық басатын батыр бозбала, күні кеше Фурманов шыңын да бығындырды. Бұл 5 шақырымдық сапарда Серікті қолдауға, жақындары мен жанашырлары жиналған.
Қуат Хамитов, аралас жекпе-жек шебері
-Қазіргі жас бүлдіршіндерге, осындай Серік сияқты ағаларына қарап, еш қиыншылыққа қарамастан, осындай адам болуға еліне қызмет етуге, отбасын асырауға деген үлкен мотивация деп білем.
Танымал аралас жекпе-жек шебері - Қуат Хамитов, Серіктің хикаясын жақында ғана естіген екен. Енді спортшы, Есматовқа қолдан келген көмегін көрсетуге даярлығын айтты.
Қуат Хамитов, аралас жекпе-жек шебері
-Мен ақшалай жаңағы Серік бауырыма көмектесе аламын, бірақ Серік бауырымыз сияқты қиыншылық көріп жатқан адамдар өте көп. Біз оны үлкен масштабта шешуіміз керек.
Ал, Серік үшін бұл сәт естен кетпес күндердің біріне айналмақ.
Қуат Хамитов, аралас жекпе-жек шебері
-Бүгін жиналған барша халықпен бірге шыңды бағындыру - мен үшін құрмет. Маған осындай қолдау көрсеткен жандардың арқасында, өмірге деген құштарлығым арта түсетіні анық.