Америкалық режиссер Джеймс Кэмерон, 2009 жылы жарық көрген «Аватар» картинасын франшизаға айналдыруды көздеп отыр. Фантасикалық туындыға келешекте тағы да төрт фильм таспаланбақ. Алғашқы бөлімі көрерменге қашан жол тарпақ?
Әйгілі фильмнің 9 жылдан кейінгі жалғасы «Аватар: су жолы» деп аталады. Өз әлемін қорғап қалуды көздейтін На’ви-лықтар, адамзатпен күресін жалғастырмақ! Бұл жолы Джейк, ғашық болған Нейтиримен отбасын құруға ниеттенеді. Сэм Уортингтон мен Зои Салдана туындыдағы басты рөлдерге бекітілген. Киногерлер лентаны, 2020 жылдың желтоқсан айында көрерменге ұсынбақ.
***
Кейт Бланшетт, мансабында алғаш рет телехикая кейіпкері атанды. 49 жасқа келген актрисаға «Миссис Америка» атты телетуындыда басты рөлді сомдау бұйырған. «Оскар» марапатының жүлдегері, 9 бөлімнен тұратын жобада, 70-шы жылдардағы феминизмді жақтаушы әйелдің образын сомдайды.
***
Ресейлік рэпер Гуф, таяуда соққыға жығылғаны жайлы алғаш рет мәлімдеме жасады. Музыкант Мәскеудегі түнгі клубтардың бірінде, өзін белгісіз бұзақылардың ұрып кеткенін рас деп отыр. Нәтижесінде рэпердің қабырғасы сынған екен. БАҚ өкілдері болса, бұл оқиғаға Игорь Сосинның қатысы бар деп болжайды. Жанкүйерлердің пайымынша, Гуфтың көрсеткен өнеріне көңілі толмаған миллиардер, оққағарларына күш жұмсатқан. Енді істің мән-жайымен полиция қызметкерлері айналысуда.