Кезінде «Кешьюмен» қош айтысқан Жұлдыз Өмірғали болса, бұл күндері «Бақытсыздар бағы» телехикаясы үшін аянбай тер төгіп жүр. Көрерменге жол тартқан 120 бөлімді сериалдың түсірілім жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұған дейін сұхбат берген Жұлдыз, оқиғаның қалай өрбитіні өзіме де қызық деген еді.
Жұлдыз Өмірғали, әнші:
-Ақырындап, ақырындап күн сайын 5-10 сцена түсіріледі, Салтанаттың қатысуымен. Бірақ әлі толық сюжеттің толық немен аяқталатынын білмеймін. Бірақ осы көріп жатқан рөлдердің арасында Салтанат пен Жеңістің өмірі қызық.
Сондықтан да, Жұлдыз «мың рет естігенше, аталмыш телехикаяны бір рет тамашалаған артық» дейді. Телетуынды дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 22.20-да НТК арнасында көресетіледі! Қапы қалмаңыз!