Сергей Шнуров тағы да үйленді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ресейлік рок-музыкант Сергей Шнуров та, енді бойдақ емес. «Ленинград» тобының әншісі, тойын дүркіретіп атап өтпесе де, сүйіктісімен ресми түрде шаңырақ көтерген.

Тамыз айында ғана 8 жыл отасқан экс-жұбайы Матильдамен ажырасқан Сергей, енді 27 жастағы Ольга Абрамовамен некелесті. Бір қызығы музыкантқа Ольганың өзі сөз салған деседі. Қос ғашық алғаш «GQ» журналының «Жыл адамы» марапатында бірге көзге түскен болатын.