«Суперотбасы -2» тұсаукесерінің қарсаңында, киногерлер анимациялық туындының жалғасы, неліктен араға 14 жыл салып таспаланғанын түсіндірді. Сөйтсек, бәріне кінәлі режиссер болып шықты...
Парр суперәулеті қиын күндерді бастан кешіреді. Жауыздармен шайқасып жүріп, қаланы күл-талқан еткен соң, мемлекет ерекше қасиетке ие адамдар ісін заңсыз деп табады. Енді, Хелен қаһармандардың ақ екенін дәлелдеу үшін, тынбай еңбек етпек. Сондықтан, отанасы бүлдіршіндерін уақытша күйеуінің қарамағына қалдырады. Алайда, бала тәрбиесі Бобқа оңайға түспегендей.
Мейірім мен батырлыққа толы «Суперотбасының» жалғасы, табысты туындылар қатарына кіреді деп күтілуде. Сиквелдың алғашқы бөлімінің өзі, кезінде кеткен 92 млн доллар шығынды, алты еселеп қайтарған еді.
Холли Хантер, актриса:
-Фильмді еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін көрді. Ең қызығы, кезінде лентаны тамашалаған бүлдіршіндердің өзі, бүгінде ата-анаға айналып отыр.
Ал, «Суперотбасының» араға тек 14 жыл салып қайта оралуының өз себебі бар. Көрерменнің ықыласына ие анимацияның жалғасы жоспарланса да, лентаны таспалау ұзақ уақыт қолға алынбапты.
Сэмюэл Л. Джексон, актер:
-Бәріне режиссер кінәлі. Мен Бредты көрген сайын, «фильмнің екінші бөлімі таспаланады ма?» деп жиі сұрайтынмын. Алайда, ол кейінге қалдыра берді. Себебі, ол Том Круз сынды өзге адамдармен жұмыс істеп, басы қатып жүрді.
Отандық көрермен көптен күткен картинаны, 14-ші маусымнан бастап үлкен экрандардан тамашалай алмақ. Анимациялық туынды біздің қарадомалақтарға арнап, қазақ тіліне де аударылған еді.