Голливудтық актерлар: Крис Прэтт пен Брайс Даллас Ховардтың, «Юра дәуірінің әлемі-2» картинасы, алғашқы аптадан-ақ көш басында. Киносүйер қауым, алып динозаврлар оқиғасын тамашалау үшін, қанша млн теңге жұмсады?! Осы уик-эндтің кассалық табысты фильмдерімен таныс болыңыз...
Өткен демалыста «Юра дәуірінің әлемі-2» туындысы, 160 млн. теңгеге жуық қаржымен бірінші сатыға шықты. Шытырман оқиғалы сюжетпен өрілген фильм - аталмыш фантастикалық сиквелдің бесінші өнімі. Бұл жолы, басты қаһарман - Крис, алпауыт динозаврларды үлкен қауіп-қатерден арашалауда барын салмақ. Еске салсақ, алып жануарлар туралы кино таспалауды, тура 25 жыл бұрын Стивен Спилберг алғаш қолына алған екен.
Ал, «Мен ең сұлумын» атты америкалық комедия, 52 млн теңгеден аса пайдаға кенелді. Лента, Эбби Кон мен Марк Сильверштейнің, режиссер ретіндегі, дебьюттық жобалары екен. Картинаны, АҚШ пен Қытай елі бірігіп түсірген.
Фильмде, арықтаудың қамымен талай қадамға баратын құрбылардың хикаясы баяндалған.
«Қызыл торғай» картинасы 6 млн теңгемен үштікті түйіндеді. Дженнифер Лоуренс туындыдағы ролі үшін, 6 ай бойы хореография мен қатар орыс тілін де меңгерген. Өз өмірін аман сақтау үшін, тыңшыға айналатын қыздың оқиғасы, жұртты әсте жалықтырмайтыны анық.