Отандық жұлдыздар алғашқы алған қаламақысын еске түсірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінгі табысым, бұрынғыға қарағанда мың есе артық! Алғашқы қаламақысын еске алған Санжар Мәди сынды кейбір отандық жұлдыздар, дәл осындай тоқтамға келді. Ал, бүгінде қай шоу-бизнес өкілі ең қымбат? Жауабын тілшіміз біліп көрді.

«Forbes Kazakhstan» басылымының мәліметінше, еліміздегі ең қалталы әнші – Қайрат Нұртас. Өнер өкілінің, бір тойдан табатын табысы 7 мың, ал коорпоративті кештен алатын ақшасы 10 мың долларды құрайды.

Елдің ықыласына бөленіп жүрген жұлдызды жұп - Бүркіт пен Айша да ең бай әншілер тізімінде. Сіздің қуанышыңызда екеуі 40 минут ән салсын десеңіз, 6 мың долларды дайындап қойғаныңыз абзал.

Айқынның да есімі аталмыш басылымда тілге тиек етілді. Әнші, тойда өнер көрсеткені үшін 2 мың доллар сұрайды. Ал, арнайы жабық кештерге шақырту түссе, құны екі есеге дейін шарықтауы мүмкін.

Иә, алғашқы тапқан адал нанымның дәмі қанша тәтті болса да, қазіргі кірісім көңілімді қуантады дейді жұлдыздар. Мәселен, талантымен талайды таңқалдырған актер Санжар Мәди, бірінші қаламақысын күлкімен еске алады.

Санжар Мәди, актер:

-Өнер жолында, ең алғашқы ақшамды 2005 жылы түсірілген «Көшпенділер» жобасынан алған едім. Маған сол кезде - 500 теңге берді. Негізі еңбекақы - 1000 теңге болған. Бірақ сол кезде, қаламақыға жауапты адамдар 50%-ын жеп қойды ау деймін.

Ал, бүгінде блогер ретінде елге белгілі Әнуар Нұрпейісов те, асаба ретіндегі алғашқы қалмақысын әрең еске түсірді.

Әнуар Нұрпейісов, актер:

-Иә, есімде. 1,5 доллар. Бір тойды өткіздім, солай сияқты.