Робби Уильямс Әлем чемпионатында

Сообщить о проблеме с эфиром

Робби Уильямс Мәскеуге келді! Әншіге Ресейде өтетін Әлем чемпионатының ашылу салтанатында ән салу бақыты бұйырған еді. Алайда, ұйымдасырушылар оның әйгілі «Party Like A Russian» туындысын орындауға қатаң тыйым салып отыр.

Робби Уильямстың 2016 жылы жарық көрген дәл осы туынды, көпшілік жүрегін бірден жаулаған еді. Онда, әйгілі орындаушы бай ресейлік жігіттің, қамсыз өмір салтын әнге қосады. Мәтіннен тіпті, «атағың болса, қара халықтың қалтасын да қаға аласың» деген тіркестерді байқауға болады.

Ал, ресейлік шенділердің көңіліне, бұл туынды мүлде жақпаған. Сондықтан, олар Әлем чемпионатында Роббиге аталмыш тректі шырқауға қатаң тыйым салған көрінеді. Роби Уильямс, әнші:

-Футболдан Әлем кубогі - ауқымды шара. Сондықтан, мұнда өнер көрсетудің өзі үлкен мәртебе. Кеште одан өзге, тыңдарманның құлағына жатталған талай хиттерді орындамақпын.

Британдық музыканттың осы сөздерін отандастары құп көрмеді. Тіпті, жерлестері соңғы саяси жағдайларға байланысты, өнерпаздың Ресейде ән шырқауына қарсылық та білдірген еді. Алайда, Робби Уильямс артық сөздерге құлақ асуға құлықсыз.

Роби Уильямс, әнші:

-Осында келіп, жаңа адамдар, жаңа мәдениетпен танысқан керемет емес пе? Ресейге келгенде әрдайым өзімді жақсы сезінемін.

Бүгін, Робби Уильямс футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатында, хит туындыларын тарту етпек.