Айдана Меденоваға корейліктер шет елге шығуға тыйым салды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаз шықса жағажайға асығатын жұлдыздардың бір тобы, шартарапты шарлап жүрсе, Айдана Меденованың шет елге барып демалуға мүмкіндігі жоқ. Отандық өнерпаздың жүріп-тұруына, тосқауыл қойған корейліктер көрінеді. Толығырақ келесі бейнематериалда...

Айдана Меденова корейлік компаниямен келісімшартқа отырғалы, әншінің әр қадамы аталмыш елдегі серіктестерінің қадағалауында екен. Әдетте, жаз айларының бірін жанұялық демалысқа арнайтын бикешке, бір жыл бойы жылы жаққа серуендеуге болмайды. Күнге күйіп, жағалауда қыздырынуға тыйым салынған. Бұл қазақ қызына кәрістердің қойған талабы.

Айдана Меденова, әнші:

-Мен өзім «загар» дегенді жақсы көремін. Бірақ, Кореяда сұлулық талаптары өзгеше. Ол жерде керісінше ақшыл адамдарды жақсы көреді. Келісімшарт бойынша мен өз келбетімді өзгертпеуім керекпін. Қараймау керекпін!

Ал, Зарина Омарованың отбасы 1 айлық серуенді әлдеқашан жоспарлап қойған. Отағасы еңбек демалысын алған күні, ұл-қызын ертіп шет елге сапар шекпек. Дәл қазіргі таңда климаты жанға жайлы мемлекеттердің бірін таңдау үстінде.

Зарина Омарова, әнші:

-Енді, негізі демалысымыз күйеуімнің жұмысымен байланысты бәрі. Сол себепті, енді шілденің аяғына қалдырдық. Басқа мемлекетке барамыз, демаламыз деп шештік.

Осы жылы Асылдық Ғалия үшін шекара асқаннан гөрі, ауылдағы ағайындарға бару тиімдірек. Қобызшы бикеш ұлы Әлиярды туыстарымен жақынырақ таныстырып, қайын жұрттан көрімдік жинап қайтпақ ниетте.

Ғалия Мұратова, «Асыл» тобының әншісі:

-Көптен бері ауыл жақтарда болған жоқпыз. Әленнің туысқандарына көп барған жоқпыз. Сол ауыл аралап, кішкентайымызды көрсетіп демекші, сөйтеміз!

Ал, дәл қазіргі уақытта отандық шоу-бинестің сұрбойдағы Диас Аблаев пен Мақпал Исабекова Париж төрінде қыдырып жүр!