Басы үнемі даудан арылмайтын Блэк Чайна, енді 19 жасар сүйіктісімен бақытты. Өзінің экс-жұбайы Роб Кардашьянмен қарым-қатынасына нүкте қойған сәнбике, өмірін жаңа парақшадан бастауға шешім қабылдаған. Ал, Блэктің жүрегіне жол тапқан бозбала кім
Махаббат жасқа қарамайды. Блэк Чайнаның жүрегін жаулаған - рэпер Олмайти Джей есімді бозбала. Тіпті ол, сәнбикенің балаларының әкесі болуға да дайынмын дейді. Ал, Блэк сылқым, ғашығына деген сезімінің дәлелі ретінде, денесіне оның есімін жаздырған. 30 жасқа келген Чайнаның отбасылық өмірді қайта жаңғыртсам деген ойы да бар екен.
Ариане Гранде де, сүйіктісі актер Пит Дэвидсонге тұрмысқа шықпақ. Сері уақыт созбай, Ариге үйленуге ұсыныс жасады. Ол неке сақинасын танымал дизайнер Грег Юнның өзіне арнайы тапсырыс беріп, дайындатуда. Жүзіктің құны 93 мың доллар. Қос ғашық, енді тойларын жоспарлауда.
Сандра Буллок, Кейт Бланшетт, Энн Хэтэуэй «Оушеннің 8 құрбысы» фильмінің құрметіне, тағы бір мәрте Лондон қаласында, қызыл кілемге жиналды. Актрисалар лентаның алғашқы табысын, осылай атап өтуді жөн көрген екен. Картина әлемдік прокаттағы бірінші уик-эндте 5 млн долларға кенеліпті.
Сандра Буллок, актриса:
-Біз қатты қобалжыған едік. Бірақ бәрі артта қалды. Енді, тек көрермендердің ыстық ықыласын күтеміз.
Ал, аталмыш туынды елімізде, 21 маусымнан бастап көрсетілмек.