Қысқа уақытта біраз биікті бағындырған Батыр Жүкембаев, кезекті жеңісінен соң елге оралды. Ол таяудағы тартысты жекпе-жегінде, Америка аймағындағы WBC чемпионы атанған еді. Канадада кең танылып, француз және ағылшын тілін әжептәуір меңгерген боксшымыз жайлы келесі сюжетте...
Белбеумен оралған Батыр Жүкембаевты, уақыт түн ортасынан ауса да дос-жараны әуежайдан думандатып қарсы алды. «777» деген лақап аты бар спортшымыз, таяуда аргентиналық Джонатан Хосе Энисті тізе бүктіріп, WBC тұжырымы бойынша Америка аймағының чемпионы атанған еді. Батырмен қатар, Канада елінде Абылайхан Құсайынов, Садриддин Ахмедов пен Нұрзат Сабиров бірге жаттығады.
Батыр Жүкембаев, WBC Continental Americas чемпионы:
-Қазақтың боксын әлемдік деңгейде көрсетуге барыншы тырысып, барлығы ат салысып жатыр. Қазіргі басты мақсат өзімнің дивизионымдағы белдіктерді ұту. WBC чемпиондық белбеуіне бас сұғып, бір табан жақындадық.
Квебек қаласында өткен соңғы айқасында 11-ші нокаутын тіркеген Батыр, барлық 13 жекпе-жегінде басым түскен. Титулды жеңістен соң, ол әлем бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы топ-30 боксшының ішіне енді. Жүкембаев, рингтен гөрі тіл үйренуде аздап қиындыққа тап болғанын айтады.
Батыр Жүкембаев, WBC Continental Americas чемпионы:
– Мен үшін тіл кішкене ауырлау, французша болса да, ағылшынша болса да, Канада елінде көбінесе ағылшынша емес французша сұрайды, сондықтан барынша тырысып айтып жүрміз...
Канадада 9-шы жеңісіне қол созған Абылайханның сөзінше, бұл елдің қазақ боксшыларына деген ықыласы ерекше екен.
Абылайхан Құсайынов, кәсіпқой боксшы:
– Канада елі де АҚШ-тан кем емес. Олар өте бокс кештерін жақсы көреді, боксты жақсы көреді. Промоутерлік компаниямыз да Канадаға атақты.
Давид Лемье мен Жан Паскаль секілді, жаһанға мәшһүр боксшылармен қатар жаттығатын жерлестеріміз, ертең солар секілді әйгілі болуға зор ықыласты