Таяуда еліміздегі жанұялардың саны, тағы бір отбасымен толықпақ! Отағасы атанатын жігіт - отандық шоу-бизнестің өкілі. Дүйім жұрттан сүйінші сұраған Алуа Қонарова, «Ринголық» Даниярдың жеке өміріндегі жаңалығын жария етті.
Данияр Өтеген осыдан 12 жыл бұрын Қонарованың қол астына келген. Осы уақыт ішінде сері жігіт, ешбір сырын білдірмепті. Алайда, Алуа ханым, таяуда тойдың болатынын жұмбақтап жеткізді.
Алуа Қонарова, продюсер:
-Даниярға күнде «келін қайда?» - деп айтып отырамын. Соңғы уақытта сүйіктісі бар екенін сезіп жүрмін. Жақында өзі хабарлайтын шығар. Біз сол күнді күтудеміз.
Ал, Аянның айтуынша Данияр бір беткей! Кезінде досын көркі көз сүріндірер талай сұлумен таныстыруға талпынғанымен, Өтеген өз дегенінен қайтпапты.
Аян Бірбаев, «Rin’Go» тобының әншісі:
-Даниярды біреумен таныстырғым келетін. Бүйтетінмін, сөйтетінмін деген сияқты. Бірақ, енді кішкене ренжитін кездері болды да. Сен қойсаш ондайыңды дегендей. Өзі ұялып қалатын. Одан кейін соңғы кездері ол тақырыпты қозғамайтын болдық қазір.
Данияр Өтеген, «Rin’Go» тобының әншісі:
-Қандай әдемі болсын, ақылы жоқ болса мен ондай адаммен өз өмірімді байланыстыра алмаймын.
Ал, ақ құсын қолына қондырса, «Ринголық» Батыр мен Аюмилік Әселдің үйлену тәсілін қолданбақ!
Данияр Өтеген, «Rin’Go» тобының әншісі:
-Біздің Батыр мен Әсел үйленген кезде ол жақсы бір «сюрприз» болды десек те болады. Сондықтан, менің де сондай қылып жасайтын ойым пайда болды.
Батыр Байназаров, «Rin’Go» тобының әншісі:
-Менің ойымша, мендей шоу жасай алмайтын сияқты. Енді, қызық болмайтын сияқты. Өйткені, мен үндемей жүріп, кенеттен осындай оқиға болғаны, менің ойымша ерекше болған сияқты.
Десек те Даниярдың отбасындағы дүбірлі тойдың ауылы алыс емес сияқты!