Соңғы уақытта Сеулге жиі сапарлатып жүрген Айдана Меденова, көпке беймәлім сырымен бөлісті. Корейліктермен тығыз қарым-қатынас орнатқан қазақ қызы, аталмыш елдің шоу-бизнесін бағындыруға бел буып отыр екен.
Айдана Меденова жақында ғана Сеулде өткен «Фэйс оф Эйжа» фестиваліне қатысып қайтқан. Бұл шара Азия елдерінің бизнесмендерін әрі ән мен сән саласындағы өкілдерін марапаттайтын ауқымды жоба. Қазақстанның атынан аттанған Айдана, корейлік шоу-бизнестің ұтымды тұстарын жіпке тізіп келіпті.
Айдана Меденова, әнші:
Мен таңқалған жағдай, оларда әр әншінің өзінде фан-домы бар. Әнші шыққанда бір проигрыштар болады ғой 2-3 секунд, сол кезде өздерінің слогандарын айғайлып, жаттап алған заттарды, 3 мың адам айқайлап тұрғанда, ол енді керемет.
Сеулдегі сапардан қазақстандық сылқымның түйгені көп-ақ! Айдананы жанкүйлерлердің белсенділігімен қатар, сахна сыртындағы idol-дардың да ісіне деген әрекеті сүйсіндіріпті.
Айдана Меденова, әнші:
-Сахнаның сыртында сондай бәрі орынымен. Әр адам өзінің жұмысын біледі. Тіпті сол idol-дар да сондай жұлдыз болып тұрса да, өзінің жұмысын біліп тұр сол жерде. Ешқандай қарбалас жоқ.
Меденова отандық эстрада өз орнын тапқанымен, келешекте корейлік шоу-бизнестің шыңына шығуды көздеп отыр. Айдана Меденова, әнші:
-Өзімнің әндерімді сол басқа тілде жазып көремін. Сол жаққа шығуға. Осы жақта қазақша жазсам, сол әнді корей тіліндегі нұсқасын жасап көрмекпін. Меніңше қазір сұлулық жағынан ұнап жатсам, менде мүмкіндік бар деп ойлаймын.
Иә, Айдананың бұл іске білек сыбана кіріскенін аңғармау мүмкін емес. Бүгінде әнші корей тілін меңгеруде екен. Аздаған уақыт ішінде нәтиже де, көңіл қуантарлықтай көрінді.