Денис Тен, Аида Кәуменова сынды отандық жұлдыздар жастармен жүздесті. Кездесуде келген олар, жетістікке жетудің жолдарымен бөліскен болатын. Сонымен, табыстың кілті неде?
Жастар форумынына арнайы шақыртылған қонақтарының бірі – Аида Кәуменова. «Үздік бол» тақырыбы аясында сөз қозғаған дизайнер, студенттерге нашар бағаға бола өздерінен күдер үзбеуге шақырды.
Аида Кәуменова, дизайнер:
-Мен үшінші курска дейін, институтта үшке оқыдым. Математиканы алтыншы класстан бастап, бір контрольныйды жақсы жасамайтынымын. Бірақ, мен сурет жақсы салдым. Мен ойлаймын, басқа адам мысалы спорттан жақсы дегендей. Бәрі дизайнер болмай-ақ қойсың, әрбір адам өз жолын тапсын.
Бұл пікірмен Расул Абдуллаев та келісе кетті. Қарапайым вайнерлікті, «Юфрейм» брендіне айналдыра білген сері, жетістікке жетудің өз құпиясымен бөлісті.
Расул Абдуллаев, вайнер:
-Үздік атанғың келсе, ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықтап алған жөн. Яғни, нені қалайсың, арманың не дегендей. Содан кейін, сол мақсатқа жету үшін бар күшті салу керек.
Жүздесуде сөз алған спикерлер арасынан, спортшы Денис Тен де табылды. Мұз айдынының жұлдызы да, көпшілікке пайдалы кеңесін үйіп-төгуге тырысқан еді.
Ал, өзіне ұқсағысы келген жастарға, Денис Теннің айтары бар.
Дения Тен, спортшы:
-Жұмыс істе, тәуекелге бар, үйрен. Жата берсең, ештеңеге жетпейтінің белгілі. Өмірдің өзі қозғалыстан тұрады. Сондықтан, қадам жасап, бағыңды сынап көру керек.