Жеңісхан Момышев үйлену той

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, талантты режиссер - Жеңісхан Момышев сүрбойдақтықпен қош айтысты. Сері, әу баста үйлену тойын өзге елде өткізуді жоспарлаған еді. Алайда, шаңырақ көтеру салтанатын туған жерінде атап өтуді жөн көрген.

Өз кинотуындыларымен қуантып жүретін Жеңісхан, Асель есімді арумен отау құрған. Режиссердың сүйген аруы, өнер әлемінен мүлдем алшақ.

Жеңісхан тойға тек өнердегі жақын достарын ғана шақырыпты. Олардың қатарында, актер Әбунасыр Серіков, тележүргізуші Қазбек Қасым, әнші Шахизада, Ақылбек Жеменей сынды жұлдыздар бар. Ал, біз жас жұбайларға тек бақыт тілейміз.