Қазақстандық нәзік жандылар, «балаларды кімнен немесе неден қорғау керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Қызу талқыға түскен осы тақырыпқа қатысты, тілшіміз жұлдыздардың пікірін тыңдап қайтқан болатын.
Дизайнер Әсем Нұрсейітованың пікірінше, балақайларға қауіп төндіретін дүние жетерлік. Алайда, үш баланың анасы, бүлдіршіндерді ең әуелі әлемдегі жаман пиғылды залым жандардан қоғауға шақырады.
Әсем Нұрсейітова, дизайнер:
-Неше түрлі өмірдегі зиян келтіретін, не болмаса бір қауіп төніп тұратын жерлерден, балаларды аулақ ұстау керек. Мысалы, неше түрлі адамдар бар енді, солардан қорғау керек деп ойлаймын.
Ғылым мен технология дамыған заманда, смартфондар да бүлдіршіндерге кері әсерін тигізе алады. Сондықтан, шоу-бизнестегі арулардың кейбірі балаларына телефон ұстатпауға дейін бармақ.
Анастасия Клещенко, әнші:
-Ең басты қауіп – теледидар мен интернет. Көк жәшіктің ішінде неше түрлі жағымсыз дүниелер көрсетсе, ғаламтордағы толып жақтан роликтер, баланың психикасына әсер етуі мүмкін.
Бұл пікір, Айнұр Ілиясованың көңіліне күдік ұялатады. Актриса айтылған пікірмен толықтай келіспесе де, баланы қорғаудың өз құпиясымен бөлісті.
Айнұр Ілиясова, актриса:
-Бір қиындау сұрақ екен. Телефоннан қорғау керек дейін десем, ол дұрыс па бұрыс па белгісіз. Менің ойымша ең бірінші балалармен, дос болу керек. Балалармен тіл табысып. Оларға ей тұр, бол, жүр демей бәрін түсіндіріп айту керек.
«Сонда ғана болашақ ұрпақ жамандық атаулыдан саналы түрде қашық болады» - дейді ол.